V Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зульфия Чиншанло чемпион атанды

Зульфия Чиншанло Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды, деп

хабарлады Спортты дамыту дирекциясы. 

Алматы, NEGE. "Еліміздің ең атақты ауыр атлеттерінің бірі Зульфия Чиншанло Ислам ойындарының чемпионы атанды. Елена Шалыгинаның әйелдер күресіндегі жеңісінен кейін (65 кг, алтын) 59 кг дейінгі салмақтағы ауыр атлет Чиншанло түрік тұғырында жалпы сомасы 220 кг (95-125) көтерді.

Айта кету керек, Зульфия 130 кг-дағы үшінші әрекетін жүзеге асыра алған жоқ. Оған қарамастан Нигериядағы қарсыласынан 18 кг артық көтерді. Сонымен қатар жарыстағы "кіші" медальдарды да қанжығасына байлады”, — деп жазылған хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды