Ұзынағаш ауылында арықтардың тазартылмауынан аулаларды су басты
2023 жылғы 7 ақпан күні сағат 17:12-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы Наурызбай батыр көшесінде ауланы су басқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады ТЖМ.
Алматы, NEGE. Бұл жерге Ұзынағаш ауылының №4 өрт сөндіру бөлімінің жедел тобы шықты.
Аулаларды су басу жеке үйлертұрғындарының осы көше бойындағы арық жүйесін тазалау жұмыстарын жүргізбеу салдарынан орын алды, оларға жақын арада арықтарды қоқыс пен қардан тазарту ұсынылды.
Шақырту орнына келгеннен кейін қардың еруінен тұрғын үйдің ауласын еріген су басу қаупі бар екені анықталды. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен ұзындығы 40 метр көше бойында 20 тонна инертті материалдар төселді, сондай-ақ жертөледен 0,2 текше метр су тазаланды.
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ департаментінен 5 қызметкер мен 2 техника (1 бірлік - мотопомпа), 30 әскери қызметші, 1 бульдозер, ТЖМ №28237 әскери бөлімінен 2 Камаз, 10 қызметкер және жергілікті атқарушы органдарынан 2 техника жұмылдырылды.