Үздік ұстаздар марапатталды

Түркістан облысының үздік ұстаздары марапатталды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алматы, NEGE. Бүгін Түркістан қаласында «Үздік педагог-2020» байқауының ІІ кезең жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов марапат иелерін құттықтап, ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Сонымен қатар, үздік ұстаздарды оқушыларға сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында қажырлы еңбек ете берулеріне тілектестік білдірді.

«Байқаудың республикалық кезеңіне Түркістан облысының педагогтары арасынан іріктелген 11 ұстаз қатысты. Сайыс нәтижесінде республикалық кезеңге өткен ұстаздардың 3-і «Үздік педагог» атанып,қомақты сыйлықтармен марапаталды. Бүгін республикалық жарысқа қатысқан өзге 8 мұғалімге Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы тарапынан арнайы сыйақы мен облыстың «Үздік педагог» куәлігі табысталады. Марапаттарыңыз құтты болсын, ұлағатты ұстаздар», – деді Сәкен Қалқаманов.

Марапатқа ие болған мұғалімдерді облыс әкімінің орынбасары арнайы құттықтап, әрқайсысына 850 мың теңгенің сертификатын табыстады.

Қазір оқып жатыр

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?

Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады?

«Екінші үйім»: ДДСҰ басшысы Қазақстанға қонаққа келіп, қазақша ән шырқады