Үздік мұғалімдерге 2 млн 700 мың теңге көлемінде сыйақы берілді

Павлодарлық үздік мұғалімдерге 2 млн 700 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.

Алматы, NEGE. Ертіс өңірінің мұғалімдеріне жаңа марапаттар үлестірілді, деп хабарлайды «Хабар 24». Кәсіби мереке қарсаңында бір топ үздік педагог сый-құрметке ие болды. «Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі 15 ұстаздың кеудесінде жарқырады. Мәртебелі марапат иегерлеріне 2 млн 700 мың теңге көлеміндегі сыйақы да тарту етілді.

Айта кетейік, осындай наградаға Тәуелсіздік күні қарсаңында тағы 35 ұстаз ие болмақ. Басты мақсат – ұстаздарды қошеметтеумен қатар, олардың тәжірибе алмасуына сеп болу.

Қазір оқып жатыр

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты