Ұзақ уақыт бопсалап келген

Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұзақ уақыт бойы жәбірленушіні қорқытып, одан ірі көлемде ақша бопсалап, бағалы заттарын алып келген Алматы облысының екі тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Аталған қылмыстық іс-әрекеттерді қаскүнемдер күш қолданамын деп жәбірленушіні қорқыту арқылы жасаған. Бастапқыда олар жәбірленушіні ломбардқа автокөлігін өткізуге мәжбүрлеген, ал кейін одан 300 000 теңге мен “iPhone” ұялы телефонын талап еткен. Жігіттер тарапынан болған бопсалау деректері жәбірленуші полицияға жүгінгенге дейін жалғасқан. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысының 30 және 31 жастағы тұрғындары  ұсталды. Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Екі күдікті де уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Қазіргі таңда олар өз кінәларын толық мойындады. Келтірілген шығын толығымен жәбірленушіге қайтарылды.
 

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды