Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Бас прокуратура Астанада үйқамақта отыруы тиіс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Олеся Кексель не себепті Алматыға барғанын түсіндірді.

Олеся Кексель

Астана, NEGE. «Письма президенту» Telegram-арнасы Олеся Кексельдің Алматы әуежайында кішкентай баласын көтеріп тұрған сәтінен түсірілген суретті жариялады.

Олеся Кексель/Письма президенту

Ресми мәліметке сәйкес, Кексельді қылмыстық іс аясында тергеу әрекеттеріне қатысу үшін Алматыға шақырған, сондықтан ол 20 ақпан мен 23 сәуір аралығында оңтүстік шаһарға барып қайтқан. Қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін Астанаға оралып, қазір үйқамақта отыр.

Еске салсақ, 2025 жылы Бас прокуратура Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бюросының тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Олеся Кексельді азаптау ісі бойынша күдікті деп таныды. Кішкентай баласын тәрбиелеп жатқанына байланысты оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. 

Бюроның бұрынғы басшысы Талғат Татубаев да азаптау ісі бойынша күдікке ілініп, ұсталды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды