«Үйде жалғыз қалғанда» фильміндегі актриса өмірден өтті

«Үйде жалғыз қалғанда» фильмінде басты кейіпкердің анасының рөлін сомдаған америкалық актриса Кэтрин О’Хара 71 жасында өмірден өтті, деп хабарлады People.

Фильмнен кадр

Алматы, NEGE. 30 қаңтар күні сағат 4:48-де оның тұрғылықты мекенжайынан шамамен 70 жастағы әйелдің тыныс алуы қиындағаны туралы жедел жәрдемге шақырту түскен. Актрисаны ауыр халде шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

О'Хараның өкілі оның неден қайтқанын ашып айтпады. Бірақ ол бұған дейін денсаулығына байланысты шағымданбапты.

Актрисаның сирек кездесетін туа біткен генетикалық ерекшелігі бар екені белгілі. Жүрегі әдеттегідей сол жақта емес, оң жақта орналасқан. Алайда бұл ерекшелік оның қалыпты өмір сүруіне еш кедергі келтірмеген.

О’Хара көрерменге ең алдымен «Үйде жалғыз қалғанда» фильміндегі Кевин есімді баланың анасын сомдаған рөлі арқылы кеңінен танымал болды. 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін