Үйде оқитын балалар жәрдемақысыз қалған

Балқаш қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі балалардың үйде оқуға жәрдемақы алу құқығын қалпына келтірді.

gov.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдардың мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға, оның ішінде үйде оқытуға жұмсалатын шығыстарының өтелуіне құқығы бар.

Талдау барысында Балқаш қаласында үйде оқитын 38 мүгедек баланың 14-інің ата-анасы тиісті жәрдемақы алмайтыны анықталды. Қалалық мәслихаттың шешімі бойынша мұндай өтемақының мөлшері оқу жылына 10 айлық есептік көрсеткішке тең (айына 13106 теңге), төлемдер тоқсан сайын жүргізіледі.

Бұзушылықтарға білім беру ұйымдарының ата-аналарды жеткілікті түрде хабардар етпеуі себеп болған.

Тексеру қорытындысы бойынша прокуратура Балқаш қаласының білім басқармасына ұсыныс енгізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде балаларға тиісті төлемдер тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты