Үй жанындағы дүкендер мен әлеуметтік тауар сатушылары үшін ҚҚС өспейді – Сауда министрлігі

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Мәжілістің отырысынан кейін қосылған құн салығы өссе, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

pixabay.com

Алматы, NEGE. «Қазіргі таңда үй жанындағы дүкендерге қосылған құн салығын қоспау мәселесін қарастырып жатырмыз. Негізгі түсіністік бар. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында қосылған құн салығын көтеру мәселесі жоқ. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға да қосылған құн салығы өспейді деп пайымдап жатырмыз, жоспарлап жатырмыз», - деді Қайрат Төребаев.

Вице-министр әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы қосылған құн салығының өскеніне қарамастан өсуі мүмкін екенін айтады.

«Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттауы әрдайым болады. Бірақ сіз айтып отырғандай қарқынды өсім болмайды», - деді Қайрат Төребаев.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде