«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Ішкі істер министрлігі соңғы уақытта тұрғын үй кезегіне қатысты алаяқтық жағдайлары көбейгенін хабарлады.

freepik.com

Астана, NEGE. Алаяқтар өздерін банк қызметкері немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып, азаматтарды алдайды. Олар әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, WhatsApp және басқа да мессенджерлер арқылы хабарласып, адамдардың сеніміне кіруге тырысады.

«Алаяқтар көбінесе «үй кезегі келді», «пәтер кілтін жедел рәсімдеу керек» деген сылтаумен азаматтардан жеке деректерін сұрайды немесе ақша талап етеді», – дейді министрліктегілер.

Полиция тұрғын үй кілттері мен құжаттар мессенджерлер арқылы рәсімделмейтінін және берілмейтінін еске салды.

Осыған байланысты азаматтарды күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге, жеке деректерін (ЖСН, банк картасының нөмірі, кодтар) ешкімге бермеуге және белгісіз шоттарға ақша аудармауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты