Утилизациялық алымның жаңа бағасы қашан жарияланатыны белгілі болды

Қазақстан утилизациялық алымның жаңа ставкалары қанша теңге болатынын анықтады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Ертең автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникаларына утилизациялық алым ставкалары жарияланады. Ал аударылған ақша бойынша, ақпарат бәріне белгілі. «ӨКМ операторының» есепшоттарында, «ӨКМ операторының» ЕДБ шоттарында шамамен 220 миллиард теңге бар. Ол қаулы бойынша, «Жасыл Даму» АҚ-қа берілген», –  деді Серікқали Брекешев.

Ол ақшаның қанша бөлігі жеңілдетілген автонесиеге бөлінгені туралы сұраққа жауап бере алмады.

Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынан алынатын утилизациялық алым ставкасын төмендету көзделіп отырғанын мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар премьер қоршаған ортаны ластайтын заттарды төмендетуге, қалдықтар мен су ресурстарын басқару жүйесін, жетілдіру, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ