17 сентября 2024 г. 17:52

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында сирек кездесетін алабарыс фототұзаққа түсіп қалды

Фото: gov.kz

Бұл туралы Экология және табиға ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.

Алматы, NEGE. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қонағы – алабарыс Халықаралық табиғатты қорғау одағының (ХТҚО) критерийлері бойынша жойылып кету қаупі бар деп танылған.

Бұл түр Қазақстан Республикасының Сирек және жойылып кету қаупі бар түрлер тізіміне 2021 жылдың сәуірінде енгізіліп, еліміздегі Қызыл кітапқа кірген.

Бір қызығы, сирек кездесетін алабарыс терісінің түсі аймаққа байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Басқа қабылан түрлерінен айырмашылығы, алабарыстар ашықтау күңгірт түске ие, бұл оларға өмір сүретін құрғақ әрі тасты ландшафттармен жақсырақ үйлесуге көмектеседі.

Бұл бейімделген камуфляж олардың табиғат жағдайларында жыртқыштардан жасырынуына мүмкіндік береді.