Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер командасы Астанадағы чемпионатта ширек финалға шықты

Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер командасы Астанадағы чемпионатта ширек финалға шығу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Командалық жарыста үздік сегіз команданың бірі атану үшін отандық спортшылар Сауд Арабиясын жеңуі керек болды.

Қазақстандық команда бұл міндетін орындап, қарсыластарынан 3:0 есебімен жеңді. Құраманың жеңіске жетуіне Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов үлес қосты.

Ширек финал матчы ертең, 9 қазан күні өтпек. Ертеңгі матчтың қарсыласы кейінірек анықталады.

Қазір оқып жатыр

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды

Hyundai-дің АҚШ-тағы мәселесі Қазақстандағы көліктерге әсер етпейді

Ақтауда депутат пластикалық отадан кейін қайтыс болды

Прокурор қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа төрт жыл шартты жаза тағайындауды сұрады