Үстел теннисінен ерлер командасы Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіліп қалды

Үстел теннисінен ерлер командасы Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Жартылай финалға жолдама беретін матчта отандық спортшылар үндістандық қарсыластарына есе жіберді.

Кирилл Герасименко алғашқы ойында ұтылды. Одан соң Алан Құрманғалиев қарсыласынан басым түсіп, есепті теңестірген. Артынша Үндістан тағы алға шықты – Айдос Кенжеғұлов қарсыласына дес берді.

Ойынның төртінші матчында қазақстандық спортшылар толығымен жеңілді. Онда Кирилл Герасименко Үндістан спортшысынан жеңе алмады. Қорытынды есеп қарсы тараптың пайдасына 3:0-ге тең болды.

Осылайша Үндістан жартылай финалға шықты.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?