2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Үстел теннисі: Назерке Болатбек Дохада өткен турнирде жеңімпаз атанды

Назерке Болатбек үстел теннисінен Дохада өткен турнирде жеңімпаз атанды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының спортшысы Назерке Болатбек Доха қаласында (Қатар) өткен WTT Youth Contender Doha турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Аталмыш жарыста қазақстандық спортшы 11 жасқа дейінгі санатта алтын медаль жеңіп алды.

Болатбек турнирде төрт матч өткізіп, барлығында жеңіске жетті.