26 сентября 2025 г. 14:40

Үстел теннисі: Кирилл Герасименко Қытайдағы турнирде әлем чемпионымен кездеседі

Фото: ҰОК

Қытай астанасы Бейжіңде үстел теннисінен China Smash 2025 ірі халықаралық турнирі басталды.

Алматы, NEGE. Іріктеудің алғашқы айналымында қазақстандық Кирилл Герасименко Мальта өкілі Амирреза Аббасиді жеңді.

27 қыркүйекте ол екінші айналымда Швеция спортшысы, әлем чемпионатының жұптық сайысында жеңімпаз әрі жекелей сында күміс жүлдегер атанған Маттиас Фалькпен кездеседі.

Айта кетейік, Герасименко мен Фальк Германияның «Вердер» клубында бірге өнер көрсетеді.