Үстел теннисі: Кирилл Герасименко Азия құрамасымен жеңіске жетті

Норвегияда үстел теннисінен Вальднер кубогы турнирі өтті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Оған Азия мен әлем құрамалары қатысты. Азия құрамасын Ма Лонг, Чэнь Мэн, Джанг Уджин, Лим Джонхун, Шин Юбин, сондай-ақ Маники Батра және қазақстандық Кирилл Герасименко қорғады.

Оларға Трульс Морегард, Дмитрий Овчаров, Уго Калдерано, Адриана Диас және Бернадетте Сёч қарсы өнер көрсетті.

Нәтижесінде Азия құрамасы 14:10 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Ян-Уве Вальднер - Халықаралық үстел теннисі федерациясы бойынша XX ғасырдың үздік ойыншысы, әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жеңімпазы.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды