Үстел теннисі: Қазақстандықтар China Smash 2025 турнирінде бақ сынайды

25 қыркүйекте Қытайдың Бейжің қаласында үстел теннисінен China Smash 2025 халықаралық турнирі басталады.

gov.kz

Алматы, NEGE. Жарысқа әлемдік үстел теннисінің жұлдыздары қатысады: Ван Чуцинь (Қытай, халықаралық рейтингте №1), Линь Шидун (Қытай, №2), Уго Кальдерано (Бразилия, №3), Томокази Харимото (Жапония, №4), Трулс Морегард (Швеция, №5), Лян Цзинкунь (Қытай, №6), Феликс Лебрун (Франция, №7), Бенедикт Дуда (Германия, №8), Сян Пэн (Қытай, №9), Дарко Йоргич (Словения, №10) және басқа да спортшылар.

Қазақстандық спортшылар Кирилл Герасименко мен Зәуреш Ақашева турнирдің іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Олардың қарсыластары - ирандық Амирреза Аббаси мен қытайлық Яо Жуйсюань болмақ.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді