2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Үстел теннисі: Алматыда өтіп жатқан WTT Contender турнирінде үш спортшымыз іріктеуден өтті

Алматыда үстел теннисінен WTT Contender Almaty халықаралық турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қатысушылар жекелей сайыстың іріктеу кезеңінде бақ сынады. Ал Қазақстан құрамасынан үшінші кезеңге тек Абдулла Мамай (Алматы), Владислав Захаров (Қарағанды) және Ескендір Харки (Жамбыл облысы) шықты.

Отандастарымыз 3 қыркүйекте негізгі жарыс кестесіне шығу үшін күреседі. Қазақстандықтардың қарсыласы төмендегідей:

Абдулла Мамай - Флориан Буррассо (Франция)

Владислав Захаров - Юань Лицен (Қытай)

Ескендір Харки - Лев Кацман (Ресей)