Ұшқыш пен диспетчердің аудио жазбасы жарияланды

Алматы іргесінде апатқа ұшыраған Bek Air әуекомпаниясының Fokker-100 ұшағы оқиға алдында диспетчермен байланысқан. Ұшқыш пен диспетчер арасындағы әңгіменің аудио жазбасын Ресейдің РЕН ТВ арнасы жариялады.

Алматы, NEGE. Аудио жазбадан диспетчердің ұшқыштарға сәт-сапар тілегені, ұшқыштардың оларға алғыс білдіріп, әуеге көтерілуге дайындалғаны байқалады. Диспетчер желдің жылдамдығын ескертіп, ұшуға болатынын хабарлайды. Сәлден кейін диспетчердің «БекЭйр 2100!...» деп бірнеше рет экипажбен байланысқа түсуге тырысқаны, бірнеше секундтан кейін «АстанаЛайн 671, «Fokker-100-дің» қайда екені белгісіз...» деп жатқаны жазылып қалған.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы