Ұшқыш Қанат Сиденғалиев пневмониядан қайтыс болды
Эйр Астана
«» ұшқышы Қанат Сиденғалиев пневмониядан қайтыс болды.
Алматы, NEGE. Өкпесінің 75 пайызы ауруға шалдыққан.
Соңғы жылдары Қанат Сиденғалиев «Эйр Астана» компаниясында жұмыс істеген, Airbus А-320 экипажының капитаны болған.
Ұшқыш соңғы рейсінен келген соң жағдайы нашарлаған. Дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілген. Ұлының айтуынша, ауруханада жатқанымен, дәрігерлер оған көмектесе алмаған. Салдарынан 3 шілдеде Қанат Сиденғалиев 57 жасында дүниеден өтіпті.
Ол өмірінің 36 жылын әуеде өткізген.