«Үшарал-Достық» автожолында қар құрсауынан 9 адам құтқарылды

2022 жылғы 22 қаңтарда сағат 19.50-де Жетісу облысы ТЖД-да Алакөл ауданындағы «Үшарал-Достық» автожолында ауа-райының қолайсыздығына байланысты (боран, нөлдік көріну) қар құрсауында адамдар бар автокөліктер тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады ТЖД.

Алматы, NEGE. Шақыру орнына дереу Ақши ауылы мен Достық станциясынан құтқару бөлімшелері жіберілді. 23 қаңтар күні таңғы сағат 9.00-де желдің екпіні 30 м/с-тан астам болған қар қырсауына қауіпті «Ырғайты» учаскесінен 3 автокөліктің салонынан 9 адам құтқарылып, Достық станциясына жеткізілді.

Құтқарылғандардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.