Ұшақты Иранның қорғаныс күштері атып құлатқан ба?

«Международные авиалинии Украины» әуекомпаниясының Boeing 737-800 ұшағын Тегеранда Иранның зенит-зымыран кешені атып құлатқан. Мұндай нұсқаны Newsweek газетіне Пентагон өкілі, АҚШ барлау қызметінің жоғары лауазымды өкілі әрі Ирак арнайы қызметінің қызметкері айтты, –  деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE.  Пентагонның пайымынша, украиналық лайнер «абайсызда» атып түсірілген. CBS News басылымы болса өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, америкалық жерсеріктердің жер-әуе типіндегі екі зымыранның жарқылын тіркегенін хабарлады. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы бұл мәселеде пікір білдіруден бас тартқан. Мұның алдында Интернетте Иранда Boeing 737-800 құлаған орыннан түсірілген деген бірнеше сурет пайда болды.

Еске салайық, Киевке бағыт алған Boeing 737-800 ұшағы таңғы уақытта Тегерандағы әуежайдан ұшып шыққан бетте апатқа ұшыраған. Ресми мәлімет бойынша, 176 адам қаза тапқан: 167 жолаушы Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция, Ауғанстан азаматтары және экипаждың 9 мүшесі.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін