Ұшақта заң бұзған азаматтар жауапқа тартылды

Ұшақта заң бұзған азаматтар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

gov.kz

Алматы, NEGE. Жедел алдын алу іс-қимылдар нәтижесінде осы жылдың 4 айында 207 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 127 азамат, ұшақ бортында темекі шеккені үшін 50 адам және т.б.

Мәселен, өткен демалыс күндері көлік полицейлері әуе кемесінің бортындағы тәртіп бұзушылықтың жолын кесті.

Тбилиси — Алматы бағытындағы рейсі келгеннен кейін, әуе компаниясы өкілінің актісіне сәйкес, Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұшақ бортында тәртіп бұзып, әжетханада темекі шеккен 32 жастағы Грузия азаматын ұстады.

Қазір оқып жатыр

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 66 адам қаза тапты – БАҚ

Қазақстанда жаңа цифрлық KEDEN жүйесі енгізіліп жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты