13 сентября 2022 г. 14:20

Ұшаққа отырды: Рим Папасы Қазақстанға келе жатыр

Фото:

13 қыркүйек күні таңертең Рим Папасы Римнің Фиумисино халықаралық әуежайынан Қазақстанға аттанды.

Алматы, NEGE. Бүгін таңертең Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне орай Рим Папасы Францисктің Қазақстанға 38-ші халықаралық апостолдық сапары басталды.

Рим папасы көлікпен Рим-Фиумицино халықаралық әуежайына барған, ол жерден Нұр-Сұлтанға A330/ITA Airways ұшағымен ұшып шыққан.

Қазақстан астанасының әуежайына қону Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 17:45-ке жоспарланған.

Тегтер: