Ұшақ өртке оранды

Семей

- Үржар бағытындағы АН-2 ұшағы әуежайға қонғаннан кейін өртенді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Алматы, NEGE. «Бүгін сағат 15:31-де қонғаннан кейін «Тараз Жаңа Әлем» жеке әуе компаниясының АН-2 ұшағы тұтанды. Әуе кемесі Семей - Үржар бағыты бойынша TJA5221 санитарлық рейсін орындады. Ұшақ 15:25-те қонды. Өрт ұшақ жерге қонғаннан кейін болған, әуе кемесінің бортында адамдар болған жоқ. Сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы оқиға тергеуін бастады.

Қазір оқып жатыр

Назарбаев пен Шодиевтің 2,2 млрд теңге тұратын Алматыдағы үйге қатысы бар ма?

ІІМ алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқанын ескертті

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды