Ұшақ көлге құлап, жеті адам мерт болды

Cessna C501 кішігірім ұшағы сенбі күні

АҚШ-тың Теннеси штатындағы көлге құлады, жеті адам қаза тапты. Бұл туралы Резерфорд округі әкімшілігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Алдын ала болжам бойынша, бортта жеті адам болған», - делінген құжатта. «Олардың барлығы өлді деп танылды», - деп атап өтті округ өкілдері. Ұшақ Теннесиден Флорида штатына бағыт алған. Ол әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай құлаған, келеңсіз жағдайдың себебі әзірге нақтыланбай отыр. Болған оқиғаға байланысты тексеру басталды.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде