26 июня 2021 г. 17:00

Ұшақ бортында әйелімен дауласқан танымал актер рейстен шығарылды

Фото:

«Star» супер қаһарман телехикаясының актері Стивен Амелл әйелімен болған жанжалдан кейін рейстен шығарылды. Бұл туралы TMZ жазады.

Алматы, NEGE. Оқиға Техас штатының Остин қаласында болған. Танымал актер Лос-Анджелеске ұшуы керек болған, бірақ ұшақта ер адам әйелімен ұрысып, борт қызметкерлері оны салоннан шығарып жіберген. Куәгерлердің айтуынша, актер мас күйде болған және жұбайының жанжалды шешуге тырысқанына қарамастан, дауыс көтерген.

Кейінірек Амелл жағдайға түсініктеме беріп, келесі рейске билет алып, екі сағаттан кейін Лос-Анджелеске кедергісіз ұшып кеткен. Сондай-ақ ол қолайсыздық тудырғаны үшін кешірім сұраған.

Тегтер: