Ұшақ апатынан зардап шеккендер үйге шығарылады

Bek Air ұшағы апатынан зардап шеккен балалар мен ересектердің қазіргі жағдайы қалыпты. Жақын күндері олар медициналық мекемелерден үйіне жіберіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматы, NEGE. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақту вице-министрі Олжас Әбішев  мәлімдеді.

«Зардап шеккендердің бірін Нұр-Сұлтан қаласына санавиациямен алып келді. Себебі дәрігерлер консилиумда осындай шешімге келді. Оған травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтында ота жасалды. Айта кету керек, қазіргі таңда апаттан жапа шеккендердің жағдайы жақсы. Ешбіреуінде нашарлау болған емес. Жуық арада үйлеріне жіберілмек. Бүгінгі таңда олардың жағдайы қалыпты, дәрігерлердің жіті қарауында, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олжас Әбішев 

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен