Ұшақ апатынан зардап шеккен балалар ауруханадан шықты

Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккен балалардың бәрі ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тілеухан Әбілдаев мәлім етті.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, жақында Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ем алып жатқан екі бала амбулаториялық ем алуға ауыстырылып, үйлеріне қайтарылған. Жалпы, қазіргі таңда апаттан зардап шеккен 16 адам Алматының стационарлары мен көпбейінді клиникалық орталықтарында, Нұр-Сұлтанда әлі де емделуде.

Атап айтқанда, ересектердің жетеуі қалалық №4 клиникалық ауруханасында, екеуі шұғыл медициналық көмек көрсететін ауруханада, тағы екеуі Орталық қалалық ауруханада, одан бөлек екеуі Алматыдағы көпбейінді клиникалық емханада ем-домын жалғастыруда. Апаттан зардап шеккен тағы екі бала елордадағы ауруханаларда жатыр. Жалпы, апат орын алған күні стационарларға 52 адам, оның ішінде 69 бала түскен еді.

Қазір оқып жатыр

Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды

Депутат әкімшілік амнистияны «екі ұшты таяқ» деп бағалады

Алатау қаласы туралы заң жобасын әзірлеуде Қытай, Корея және Дубай тәжірбиесі ескерілген

Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады