Ұшақ апатынан 2 қазақстандық зардап шекті

Стамбулда болған ұшақ апатынан екі қазақстандық адам жарақат алды.

Алматы, NEGE. «Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 18.00-де ұшақтың Ыстанбұл әуежайына қолайсыз қонуы барысында ұшу-қону жолынан тыс шығып кетуі салдарынан Қазақстан Республикасының екі азаматы жарақат алған. Олар Фатих Сұлтан Мехмет ауруханасына жеткізілген», – делінген ресми хабарламада.

Бұл жағдай Бас консулдықтың бақылауына алынып, қазақстандықтарға қажет көмек көрсету бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Естеріңізге салайық, 5 ақпан күні Түркияның Стамбул қаласындағы әуежайда ұшақ апаты орын алған еді. Алғашында опат болғандар жоқ деп айтылған оқиғадан 3 адам көз жұмғандығы белгілі болды. 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін