Ұшақ апаты: Ауыл халқы құтқарушыларға ыстық ас дайындады

Әлеуметтік желіде ұшақ апатқа ұшыраған жерде қазан-ошақ қойып, ысытық ас дайындап жатқан ауыл тұрғындарының видеосы жарияланды.

Алматы, NEGE. Видеоны түсірген автор: «Гүлдала ауылының тұрғындары. Ыстық шай, сорпаҚұтқарушыларға қандай да бір көмек жасап жатырмыз» дейді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел былай деп хабарлады: «Алматы облысы әкімінің тапсырмасымен Төтенше жағдай болған жерге тамақтану және азық-түлік тарату пункті құрылды. Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметкерлер оқиға орнынан алыстамай, жұмысты тиімді атқару үшін жасалды. Бұл іске жақын ауылдардағы еріктілер атсалысып, зор көмек көрсетуде».