Ұшақ апатынан қайтыс болғандар арасында «ҚазМұнайГаз» компаниясының 2 қызметкері бар

Олар компанияның еншілес және мердігер ұйымында қызмет еткен.

gov.kz

Алматы, NEGE. «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағында қаза болған жолаушылардың арасында біздің әріптестеріміз де бар екенін қайғыра хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

Жұмагұлов Бауыржан Жұмабайұлы, «Өзенмұнайсервис» ЖШС жұмысшысы, 4-ші дәрежелі бұрғышының көмекшісі, Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, «МұнайФилдСервис» ЖШС механикалық-энергетикалық бөлімнің инженері болған.