Ұшақ апатын тергеу үшін Ақтауға 17 халықаралық сарапшы жиналды

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

видео-скрин

Алматы, NEGE.  29 қараша күні Ақтауға авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Тормодур Тормодсон ұшып келді. 

«ИКАО Қазақстанның авиациялық билік өкілдерінің тергеп-тексеру барысындағы ашықтығы мен мүдделі мемлекеттермен өзара әрекетін жоғары бағалады. Бүгінгі таңда 17 халықаралық сарапшының барлығы Ақтау қаласында», — деп жазылған ведомствоның ақпаратында.