Ұшақ апаты: Алдын ала ақпаратқа сәйкес бортта 6 Қазақстан азаматы болған

Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Балтабаев

Ақтау, NEGE. «Алдын ала ақпаратқа сәйкес бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған», - делінген хабарламада. 

Әзірбайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі ұшақтың бортында болған жолаушылардың тізімі жарияланды.

Ұшақ апатынан зардап шеккен 14 адам ауруханаға жеткізілді, оның бесеуінің жағдайы ауыр.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті