Үш жолдама бар
ҚР Олимпиада ұлттық комитетінің баспасөз қызметі велоспортшыларымыздың үш лицензия ұтып алғанын хабарлады. Бұл туралы Қаз ТАГ жазды.
Алматы, NEGE. «Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан командасы 2020 жылы Токиода өтетін олимпиадаға үш спортшы апарады. Әлемдік рейтингтегі активтер бойынша қазақстандық велошабандоздар үш квота иеленді. Велосипедшілердің халықаралық одағы біздің лицензияларды мойындады» дейді Ұлттық комиеттің баспасөз қызметі.
Келесі жылы өтетін олимпиялық ойындарға барлығы 197 шабандоз қатысады.