Үш өңірде жол жабылды

Бұрқасын мен жолдың көрінбеуі салдарынан Шығыс Қазақстан, Ақтөбе мен Ақмола облыстарында көлік қозғалысы шектелді,

Алматы, NEGE. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram-каналында жарияланған мәлімет бойынша, бүгін сағат 08.20-ден бастап Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты респбуликалық маңыздағы жолда шектеу енгізілді. Нақты айтсақ, Алматы-Өскемен бағытындағы жолдың 971-1048 шақырым аралығында, яғни Ұлан және Қалбатау ауылдарының арасында бұрқасын мен жолдың көрінбеуіне байланысты барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

«Ақмола облысының Нұр-Cұлтан-Петропавл бағытындағы жолдың 18-231 шақырым аралығында, «ҚазАвтоЖол»ҰК-ның ақылы жол дирекциясына жататын Нұр-Сұлтан-Щучинск бөлігінде сағат 09.10-ден бастап барлық көлік түрлерінің жүруіне шектеу қойылды», - деп жазылған хабарламада. Сондай-ақ, Ақтөбе облысында да бұрқасын күшейіп, жолдың көрінбеуіне байланысты «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» автожолында Қандыағаш-Қарауылкелді учаскесінің 97-250 шақырым аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылып отыр.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті