Үш өңірде сабақ болмайды
Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан, Қарағанды облысындағы мектептерде аязға байланысты сабақ тоқтатылды.
Алматы, NEGE. «21 қараша күні ауа райы қолайсыздығына байланысты (қатты аяз) қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», – делінген елордалық Білім басқармасының хабарламасында.
Сондай-ақ, ШҚО-ның бірнеше ауданы мен қалаларында білім беру процесі тоқтатылды. Атап айтқанда, -28-34 аязға байланысты Өскемен қаласында, Алтай, Глубокое, Бесқарағай, Көкпекті, Абай, Ұлан, Тарбағатай, Аягөз және Жарма аудандарында бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптарға, сонымен қатар Семей мен Риддер қалаларында бірінші ауысымдағы 1-9 сыныптарға, Бородулиха, Катонқарағай аудандары мен Курчатов қаласында 1-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Ал, Қарағанды облысында Бұқар жырау және Осакаров аудандарында, Теміртау қаласында бірінші ауысымдағы 0-9 сыныптар, Абай, Ақтоғай, Нұра, Жаңаарқа аудандарында және Қарағанды, Саран, Шахтинск, Қаражал қалаларында 0-4 сыныптар оқымайды. Бұл өңірде аяз осы уақытта -27-28 градус.