Үш өңір «қызыл» аймақта тұр

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 21 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы тұр. «Сары» аймақта Ақмола, Ақтөбе Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта. Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына оң нәтие көрсеткен 1208 науқас анықталды. Олардың ең көп саны Алматыда (410) және Нұр-Сұлтанда (203). Сондай-ақ бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирустан 21314 адам ем алуды жалғастырып жатқанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті