Үш облыс қана «қызыл» аймақта тұр
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомстваралық комиссиясы 10 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
Алматы, NEGE. «Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.