Үш қалада бес миллион бетперде тегін таратылмақ

Олар ең алдымен аз қамтылған отбасылар, жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедек бала асырап отырған отбасыларға үлестіріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Бір шаңыраққа бір қораптан беріледі. Ішінде 50 маска бар. Мұндай игі бастама «Біз біргеміз» акциясы аясында жүзеге асырылып жатыр. Қалталы азаматтардың қолдауымен осыған дейін де бірталай қайырымды іс жасалды. Бірақ бұл жолғы бастаманың орны бөлек. Себебі, көмекке қол жеткізгендер енді көше кезіп, қорғаныш құралдарын іздеп сабылмайды. 

Осыған дейін көмекке зәру жандарға азық-түлік, антисептикалық құралдар таратылды. Енді міне, тұрғындарға 5 млн бетперде үлестірілмек. Үш қалада 300 мыңнан астам маскалар таратылады. 6 мың отбасыны қамтиды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды