Үш жастағы қыздың өлімі: анестезиологқа үкім шықты

Сот дәрігер-анестезиолог Аида Жұмағалиеваны кінәлі деп танығанымен, оны жазадан босатты.

Видеодан скриншот

Астана, NEGE. Астанада жеке клиникада наркозбен тіс емдеткеннен кейін оянбай қалған үш жасар қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты. Бұл істе дәрігер-анестезиолог Аида Жұмағалиева айыпталушы ретінде жауапқа тартылды.

Сот оны Қылмыстық кодекстің «Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы» бабы бойынша кінәлі деп таныды.

Аида Жұмағалиеваға 2 жылға бас бостандығынан айыру, 3 жыл мерзімге медициналық қызметпен айналысу және медициналық қызмет көрсету құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда ол амнистияға байланысты негізгі жазаны өтеуден босатылды.

«Аида Жұмағалиева негізгі жазаны өтеуден босатылсын. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін Жұмағалиева тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне тіркеуге тұру үшін келуге міндеттелсін. Жұмағалиеваға қатысты таңдалған келу міндеттемесі түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы үкім заңды күшіне енгеннен кейін жойылсын», – деп хабарлады судья.

Айта кетейік, 2024 жылғы 30 қазанда Астанада жеке стоматологиялық клиникада үш жасар Зере есімді қыз 18 тісін бірден емдеу үстінде көз жұмған еді. 

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен