Үш рет медициналық тексеруден өткен оқушы қыздың жүкті екенін ешкім білмеген

Оқушы қыз үш рет медициналық тексеруден өткенімен бірде-бірінде оның жүкті екені анықталмаған. Полиция қазір тергеу жүргізіп жатыр.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқиға Ақтөбе облысы Ойыл ауданында тіркелді. Оқушы босанып, полиция тергеуді бастады.

— Аталған факті бойынша полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұлға анықталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Кешенді тергеу және іс жүргізу шаралары жүзеге асырылады. Істің барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында, — деді Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Болат Көшқалиев.

Оқушы қыз биыл наурыз, мамыр және қыркүйек айларында медициналық тексеруден өткен. Ол кезде жүкті екенін анасы да, медицина қызметкерлері де білмеді.

— Ойыл аудандық орта мектептің 9-сынып оқушысы қазір медициналық мекемеде жатыр. Кәмелетке толмаған балаға қатысты өзге ақпарат уәкілетті органдардың құзыретіне жатады және баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған заңнама талаптарына сәйкес жария етілмейді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?