Наурыз мерекесінде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет синоптиктері 21-23 наурыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады. 

platon.asia

Алматы, NEGE. Алдағы мереке күндері Қазақстандағы ауа райын екі түрлі барикалық алқап қалыптастырады.

Еліміздің батысы мен солтүстігіне антициклон әсер етеді, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Түнгі температура 10-18 аязға дейін төмендейді. Бірақ күндіз күн сәулесі ауаны жылытады және термометр бағаны нөлден жоғарылайды.

Республиканың орталық, оңтүстік және шығыс аймақтары циклонның ықпалында болады.

Сөйтіп ылғалдың көп мөлшерімен шығыс бағытқа жылжиды, осыған орай жаңбыр жауады, кей уақытта қатты жаңбыр, таулы аймақтарда өте қатты жауын-шашын жауып, жел күшейеді.

Республика бойынша тұман мен көктайғақ болжанады.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында өлтірілген отбасы ісі: қылмыс қашан және қалай жасалғаны айтылды

Алматы полициясы қоғамдық орында бетін тұмшалап жүргендерге ескерту жасады

Алматылықтар Розыбакиев көшесін Шахановтың атына өзгертуді сұрап петиция жариялады

Әскерден жалтарып жүргендерге уақытша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін