Үш қазақстандық гимнаст Хорватиядағы әлем кубргының финалына шықты

Осиекте (Хорватия) спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі басталды. Бірінші күнгі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі финалға шықты.

ҰОК

Алматы, NEGE. Нариман Құрбанов ат снарядындағы іріктеу кезеңін бірінші нәтижемен аяқтап, 14,566 ұпай жинады. Осы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов 14,300 ұпаймен алтыншы орынға ие болып, ол да финалға жолдама алды.

Еркін жаттығуларда Милад Карими медаль үшін күреседі. Ол іріктеу кезеңінде 13,866 ұпай жинады.

Айта кетейік, 11 сәуірде Карими кермедегі жаттығуда финалға жолдама алу үшін бақ сынайды. Ал, Асан Сәлімов тіреуішпен секіру жаттығуында өнер көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?