Ұсақ бұзақылық үшін жаза күшейтіледі

2025 жылдың 1 қыркүйегінен ұсақ бұзақылық үшін жаза күшейтіледі. Бұл туралы Сенат депуттарының сауалына Премьер-министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

Полиция

Алматы, NEGE. «2025 жылғы 10 қаңтарда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң (бұдан әрі – ӘҚБтК) қабылданды. ӘҚБтК қоғамдық жұмыстар институтын енгізетін 49-1, 49-2 және 914-1- баптармен толықтырылды. Аталған нормалар 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді», – деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, ол ұсақ бұзақылық үшін санкциялар (ӘҚБтК-нің 434-бабы) күшейтілгенін атап өтеді. Нақты атқанда, аталған баптың:

1-бөлігі бойынша: 20 АЕК (1 АЕК 3 932 теңге) мөлшерінде айыппұл не 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу, сондай-ақ 20-дан 60 сағатқа дейінгі міндетті қоғамдық жұмыстар көзделген;

2-бөлігі бойынша: 15-тен 30 тәулікке дейін қамауға алу және 60-тан 100 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар санкциясы енгізілді.

«Осылайша, бұзақылық әрекеттер үшін жазаны қатаңдату мәселесі мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан уақтылы қаралып, тиісті шаралар қабылданып жатқанын жеткіземіз», - деді Олжас Бектенов.

Қазір оқып жатыр

Головкиннің қолғаптарын 10 млн теңгеге сатып алған бизнесвуменге қатысты іс қозғалды

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды