Үрімшіде қазақстандық және қытайлық көлік-логистикалық компаниялардың кездесуі өтті

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

gov.kz

Алматы, NEGE. 2024 жылғы 23 наурызда Үрімші қаласында Көлік министрі М.Қарабаевтың Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары шеңберінде көлік-логистикалық ынтымақтастық бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге 60-қа жуық қазақстандық және қытайлық компания қатысты.

ҚХР делегациясын Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданы халық үкіметі хатшысының орынбасары Льфан Жю бастап барды.

Іс-шара барысында компаниялар авиациялық, теміржол және автомобиль жүк тасымалдары, сондай-ақ жүк хабтарын құру және теміржол инфрақұрылымын дамыту саласында перспективалар ұсынды.

Іскер топтар кездесуінің қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті