Юрий Ильин еліміздегі су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Шомылу кезеңінің қауіпсіздігі мәселелері бүгін ТЖМ-де Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысында талқыланды.

Алматы, NEGE. Елімізде 50 000 астам су айдыны бар, олардың негізгі бөлігі шомылу үшін қауіпті.

Құтқарушылардың балаларды жүзуге үйретуі бойынша жұмыс жүргізетін шомылуға арналған қауіпсіз балалар жағажайларын жабдықтау жоспарланды.