Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қызметінен кетті.

ФК Қайрат

Астана, NEGE. Уразбахтин команданың негізгі құрамын 2024 жылғы қыркүйектен бері жаттықтырды. 2025 жылы «Қайрат» Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, ел чемпионы атағын сақтап қалды. Сондай-ақ клуб тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.

Ал 2026 жылғы маусымда алматылықтар УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетіп, Қазақстан чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Бас бапкер міндетін уақытша Жора Арутюнян атқарады. Бұған дейін ол «Қайрат-Жастар» командасын жаттықтырған. Оның жетекшілігімен команда алдағы «Алтайға» қарсы матчқа дайындалады.

Еске салайық, биыл Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды.

«Ақтөбе» мен «Қайрат» арасындағы тартысты ойын 2:2 есебімен аяқталған соң, алматылық команда біріншілік аяқталуына бір тур қалғанда чемпиондыққа таласу мүмкіндігінен айырылды.