Универсиадада отандық жеңіл атлеттер финалға шықты

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада биіктікке секіруден қазақстандық спортшылар Надежда Дубовицкая мен Кристина Овчинникова финалға шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат

.

Алматы, NEGE. Іріктеу жарысының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 12 спортшы финалға шықты. Әр топта сынға түскен қазақстандық спортшылар Надежда Дубовицкая мен Кристина Овчинникова сәйкесінше 1,84 және 1,80 ұпай жинап, жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алды.

Биіктікке секіру финалында барлығы 12 спортшы сынға түседі. Финал 6 тамызда Чэнду қаласындағы (Сычуань провинциясы, Қытай) «Шуанлю» стадионында Бейжің уақытымен 18:30-да басталады.

6 тамыз күнгі сағат 12:00 (жергілікті уақыт) бойынша Қазақстан медальдық есепте 19-шы орында. Қазақстан құрамасының қоржынында 19 медаль бар: екі алтын, жеті күміс және 10 қола. Қытай көш бастап тұр (141 медаль: 78 алтын, 33 күміс және 30 қола). Екінші орында Жапония (74:19-24-31), үшінші орында Оңтүстік Корея (50:17-15-18).

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Астана әуежайында 15 сәуірден бастап рейстер кестесі өзгереді